Русский Сайттың толық нұсқасы

Қ.Сәтбаев атындағы су арнасында құрал-жабдықтардың 70 пайызы ескірген

Қаныш Сәтбаев атындағы су арнасында құрал-жабдықтардың 70 пайызы ескірген. Салынғанына 50 жылға жақындаған нысанда қажетті құралдар әбден тозыпты. Соның кесірінен техникалық ақаулар көбейген. Су беру үрдісіне кері әсерін тигізген. Мәселені шешуге 80 млрд теңгеге жуық қаражат қажет. Су арнасы Қарағанды, Астана, Павлодар өңірлерін тіршілік нәрімен қамтып келеді. Нысан Ертіс өзенінің су қорына негізделініп салынған. Бұған дейін істелінген жөндеу жұмысы сапасыз болыпты шықты. Салдарынан қоймадағы су елдімекендерге қауіп төндірген болатын. Мекеме мердігерді сотқа беріп, жұмыстың сапасыз жасалынғанын дәлелдеді. 

ОҢДАСЫН ЖИЕНҚҰЛОВ, Қ. СӘТБАЕВ АТЫНДАҒЫ СУ АРНАСЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Біз қазір енді жабдықтаудың істеуіне бағдарлама жасалынғанда почти 80 млрд теңгеге бағдарлама жасалынды. Биыл бекітілді 12 млрд 500 мың теңге көлемінде тарифтенді 5 жылға. Қазір бағдарлама министрлікте қаралып жатыр қалған сумманы. Бізде 22 насосный станцияда 71 агрегат бар. Биыл 4-5 жылда 19 ауыстырсақ ба деп отырмыз.