Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтөбеде екі аптадан бері автогаз тапшы

Ақтөбеде соңғы екі аптадан бері сұйытылған газ тапшы. Жанармай құю бекеттерінде ұзын-сонар кезек. Бұл -жыл сайын қайталатын құбылыс. Жергілікті билік тапшылықты биыл қалай реттеп жатыр, тілші айтады. 

Сұйытылған газ құю бекеттерінде екі аптадан бері осындай көрініс. Жүргізушілер сұйық отын алу үшін үш, төрт сағаттап кезекте тұрады. Ал кейбір жанармай станциялары тек талонмен жұмыс істеп жатыр.

БЛИЦ-САУАЛНАМА:

- Очередте тұрамыз. Сағаттап 2-3 сағат Ақтөбе облысында. Қайда барсақ та газ жоқ. Осы очередь. Кей жерде талон аласың. Бірақ талон алу керексің бірінші. Талонсыз бремейді. Амал жоқ. Осындай жерде тұрасың бүкіл шаруаны қойып, Районда вообще газ жоқ.
- Біз ауылдан келіп тұрмыз. Ойылдан газ жоқ. Көріп тұрсыздар ғой. Ойыл, Қобдада газ жоқ. Үш күн болды.
- Қаланың өзіңде екі сағаттап іздейміз. Тағы екі сағат кезекте тұрамыз. Сондай неге білмеймін. Өзімізден шығатын нәрсе ғой былай қарасаң. Шешімін тауып берсе жақсы болар еді.

Өңірге тамыз айына 12 мың 461 тонна автогаз бөлінген. Соның 11 мың тоннадан астамы бүгінде жанармай құю бекеттеріне таратылды. Қазір тапшылыққа байланысты зауыттардан қосымша сұйық отын сұратылып жатқан көрінеді.

Алмас САЛЫҚБАЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:

Қазіргі таңда бізде 1711 тонна қосымша бөлініп тұр. «СНПС Ақтөбе мұнайгаз», Казахойл және Жайық мұнай деген Батыс Қазақстан облысынан , оның 626 тоннасы тасымалданды. 1085 тоннасы жолда келе жатыр.

Бақыт ҚАЗАНҒАПҚЫЗЫ, ТІЛШІ:

Облысқа қосымша бөлінген газ тапшылықты толық шеше ме, шешпей ме әзірге белгісіз. Өйткені мамандар Ақтөбе облысының негізгі сұйытылған газды тұтыну көлемі айына 15,16 тоннаға жететіндігін айтып отыр.Сондықтан қыркүйек айында да жағдай қайталануы мүмкін.