Русский Сайттың толық нұсқасы

“Меломен“ тобының әншісі Қайрат Мырзаханов бесінші рет әке атанды

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2024
  • 172

“Меломен“ тобының әншісі Қайрат Мырзахановтың бесінші баласы өмірге келді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Сүйінші жаңалығын әнші әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады. 

"Сүйінші! Ресми түрде 5 баланың ата-анасы болдық. Аллаһқа сансыз шүкір", - деп жазды әнші желідегі парақшасына әйелі мен жаңа туған нәрестесімен бірге түскен суретін жариялап. 

Желі қолданушылары өнер иесін қуанышымен құттықтап, тілек жазып жатыр. 

Ал Қайрат Мырзахановтың әйелі әлеуметтік желідегі парақшасында күйеуін тоғыз ай бойы алдап келіпті. 

"Күйеуіме тосынсый жасадым. 9 ай бойы ұл деп айтып келдім. Кешірші, жаным", - деп жазды ол қыз баланы өмірге әкелгенін хабарлап. 

Қайрат Мырзахановтың әйелінің айтуынша, Талғат Жорабаев пен оның әйелі Аяулым Жорабаева өмірге келген сәбидің кіндік ата-анасы болыпты. 

Қайрат Мырзаханов әлі өмірге келген қызына есім бермепті.

"Ал аман-есен келдік дүниеге! Аллаға сансыз мақтаулар болсын! Енді Хадишамның подрушкасына есім керек. Мүмкін бірге ақылдасамыз?" - деп жазды ол желіде.