Русский Сайттың толық нұсқасы

51 елден 571 халықаралық байқаушы мен БАҚ өкілдері аккредиттелді

  • AstanaTV
  • 11 наурыз 2016
  • 1831

Орталық сайлау комиссиясы халықаралық ұйымдардан тағы 110 байқаушыны акредиттеді. Бұл туралы орталық сайлау комиссиясының мүшесі Татьяна Охлопкова хабарлады. 34 байқаушы ТМД байқаушылар миссиясынан, біреуі Шанхай ынтымақтастығы ұйымы миссиясынан және 75 байқаушы Еуропа қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының Парламенттік ассамблеясынан. Ал орталық сайлау комиссиясының мүшесі Марат Сәрсембаев қазіргі уақытта әлемнің 51 елінен 571 халықаралық байқаушы мен шетелдік БАҚ өкілі аккредиттелгенін мәлімдеді. 28 елден барлығы 117 журналист тіркелген. Байқаушыларды аккредиттеуді орталық сайлау комиссиясы наурыздың 14-не дейін жүзеге асырады.

Марат Сәрсембаев, ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

Олардың ішінде ЕҚЫҰ/ДИАҚБ-ның-  44 байқаушысы, ТМД миссиясының - 293 байқаушысы, тоғызы Шанхай Ынтымақтастық ұйымынан, үшеуі - Ислам Ынтымақтастық ұйымынан, жетеуі Түркі тілдес мемлекеттер Парламенттік Ассамблеясынан, 10 шет мемлекеттің 23 байқаушысы бар.

Еске салайық Қазақстанда Парламент мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауы 20 наурызда өтеді.Ал наурыздың 21 не Қазақстан халқы ассамблеясы өз арасынан Мәжіліске депутаттар сайлайды.

 Айгүл ӘДЕПБАЙ