Русский Сайттың толық нұсқасы

2025 жылы Қазақстаннан Нью-Йорк қаласына тікелей әуе рейсі қатынайды

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2024
  • 123

АҚШ пен арадағы тікелей әуе рейсін ашу 2025 жылдың соңына жоспарланып отыр. Бұл жайлы Көлік министрі Марат Қарабаев пен АҚШ федералды авиациялық әкімшілігі басшыларының Монреалдағы ИКАО штаб-пәтерінде өткен кездесуінде белгілі болды.

Тараптар екі ел арасында тікелей әуе қатынасын ашу үшін бар күш-жігерін салуға келісті және ұшақтарды уақытылы жеткізу мәселелерін талқылады. Осылайша 2025 жылдың соңында жолаушылар ұшақтары елімізден АҚШ-тың Нью-Йорк қаласына тікелей қатынай алады.

Аптасына кемінде 2 рет рейс жасау көзделген.

Сонымен қатар осы аптада Астанада АҚШ федералды авиациялық әкімшілігінің сарапшылары Қазақстан мен АҚШ арасында тікелей әуе қатынасын іске қосуға қажетті 1-ші санатын алу үшін ұшу қауіпсіздігін алдын ала бағалау бойынша жұмысты бастады.

Бұл туралы Қазақстан Телеарнасы хабарлайды.