Русский Сайттың толық нұсқасы

Конституция күніне орай көрме ұйымдастырылды

Конституция –мемлекеттің тірегі. Ал оның түп тарихын білу ұлағатты ұрпақтың міндеті. Сарыкөл ауданында өзгеше көрме ұйымдастырылды. Қалың бұқара назарына хандардың жарғысынан қазіргі Конституцияға дейінгі мәлімет ұсынылды. Егемен елдің ең елеулі құжаты –Конституция.Төл заңның түп төркініне үңілсек «Есім ханның ескі жолы», «Қасым ханның қасқа жолы», Тәукенің «Жеті жарғысы» жатыр. Ата заң әр замандағы басқару жүйесіне байланысты толықтырылып келді. Президенттің басты құжатқа өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы ұсынысы ел тарапынан қолдау тапты.Жалпыхалықтық референдум- мемлекеттік басқару жүйесіндегі жаңашылдықтың бастауы болды. Саяси жүйені жаңғыртты.Мәселен Сарыкөл халқы ауыл әкімдерінің сайлауын ерекше атап өтті.Туған жерге ту тіккен азаматтардың атқа қонғаны конституциялық реформаның жемісі деп біледі. Конституция күні қарсаңында аудан тұрғындарына айрықша көрме ұйымдастырылды.Мұнда келушілер ақпараттық баннердегі хандар жарғысы мен билер шешімін оқып, мол мәлімет түйді.

АМАНТАЙ БАЛҒАРИН, САРЫКӨЛ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:

«Қасым ханның қасқа жолы» деп қазақ айтады. «Есім ханның ескі жолы», ең мықтысы Тәукенің «Жеті жарғысы». Бұның бәрі кезінде осы заңдарымызды, біздің қоғамды, мемлекетті ұйымдастырған.Мемлекет ретінде негізін қалаған.Бұл енді мемлекеттің тірегі,адамның құқығын, болашағын белгілейтін Ата заң деп айтуға болады.