Русский Сайттың толық нұсқасы

Париждегі Паралимпиада ойындарында сынға түскен таеквондошымыз екінші айналымда жеңілді

  • AstanaTV
  • 29 тамыз 2024
  • 210

Париждедегі Паралимпиада ойындарының бірінші жарыс күнінде сынға түскен таеквондошымыз жеңіліп қалды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Париждегі дүбірлі доданың алғашқы жарыс күнінде өнер көрсеткен Милана Красавцева пара таеквондоның K44 санаты бойынша сынға түсіп, жарыстың екінші айналымында сүрінді. 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен отандасымыз 1/8 финалда доминиканық спортшысы Элизабет Джералдо Диаспен күш сынасып, 10:8 есебімен басым түсті. Өкінішке қарай, екінші кездесуінде мексикалық спортшы Гарсия Джессикадан 8:10 есебімен жеңіліп қалды.

Айта кетейік, 2024 жылғы Паралимпиада ойындары 8 қыркүйекке дейін жалғасады. Қазақстан құрамасы спорттың тоғыз түрінен барлығы 44 спортшы болып қатысады.