Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін – Конституция күні

  • AstanaTV
  • 30 тамыз 2024
  • 324

Қазақстан Республикасының Конституциясы — 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады. Ол мемлекеттілік тетік, қоғамдық, саяси институттар ретінде қызметтің негізі боларлық принциптерін орнықтырды, адам мен азаматтың конституциялық мәртебесін белгіледі, экономикалық құрылыстың негіздерін айқындады. Жыл сайын республикада бұл күн мемлекеттік басты мерекелерінің бірі ретінде аталып өтіледі

Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші Конституциясы. Алғашқы Конституция 1993 жылғы 28 қаңтарда ХІІ шақырылған Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің ІХ сессиясында қабылданған болатын.

Конституция – ішкі де, сыртқы саясаттың бағытын айқындап, ел ішіндегі тәртіп пен тұрақтылықтың кепілі болып отырған басты құжат. Соңғы жылдарда құқық қорғау саласы бойынша маңызды өзгерістер енгізілді. Атап айтсақ, Конституциялық сот құрылды. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мәртебесі Ата заңмен айқындалды. Мұның бәрі азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау үшін жасалып жатыр.

29 жылда Ата заңға алты рет өзгеріс енгізілген: (кесте:1998, 2007, 2011, 2017, 2019 және 2022 жылдары). Ең ауқымдысы,  республиканың реңін өзгерткен референдум 2022 жылы болды. Қазақстан суперпрезиденттік басқару формасынан күшті парламенті бар президенттік формаға көшті.

Тағы бір өзгеріс Президент бір мерзімге 7 жылға сайланады. Оның жақын туыстарына саяси мемлекеттік қызметші болуға және квазимемлекеттік секторда басшылық лауазымдарды иеленуге заң жүзінде тыйым салынды. Ата заңдағы жаңғыру жолы тұтас мемлекеттің одан әрі дамуына сеп болып отыр.