Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанда желтоқсанда жаңа купюра енгізіледі

  • AstanaTV
  • 30 тамыз 2024
  • 421

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов ескі купюраларды жаңасына ауыстыруға қатысты жоспар туралы айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Жыл соңына дейін барлық купюра шығарылады. Бізде тіпті қанша миллион теңге жаңа купюра шығаратынымыздың көлемі де бар", - деді Сүлейменов Ұлттық Банкте өткен брифингте.

Кейін Ұлттық банктің баспасөз қызметінің мәліметінше, 2024 жылы желтоқсанда номиналы 2 мың теңге болатын жаңа купюра айналымға шығарылады.

Номиналы 1 мың теңге болатын банкнотты іске қосу 2025 жылдың басында, 500 теңге - 2025 жылдың екінші жартысында, 20 мың теңге - 2026 жылға жоспарланған.