Русский Сайттың толық нұсқасы

Өрт сөндіруші тікұшақ өзенге құлады

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2024
  • 142

Португалияда өрт сөндіру тікұшағы Солтүстік Ламегу қаласының маңындағы Дуро өзеніне құлады. Апат салдарынан кем дегенде бір адам қаза тауып, төртеуі жоғалып кетті. Бұл туралы 30 тамызда Daily Mail басылымы жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Португалияның солтүстігіндегі өзенге бортта алты адамы бар өрт сөндіру тікұшағы құлағаннан кейін бір адамның денесі табылды», — делінген мақалада.

Ұшқышты апат болған жерге жақын жерде қайықпен жүзген туристер құтқарғаны атап өтілді.

«Оның бірнеше жері сынған және апаттан кейін гипотермиядан зардап шегеді, бірақ оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ», — деп жазады тірі қалған ұшқыш туралы басылым.

Бортта кем дегенде тағы бес адам болғаны белгілі. Қазіргі уақытта жоғалған адамдарды іздеу жалғасуда. Биліктің айтуынша, сүңгуірлер іздеу жұмыстарын жүргізуде, ідеу операциясына теңіз полициясы мен серуендеу қайықтары да қатысады.