Русский Сайттың толық нұсқасы

Евровидение халықаралық ән байқауының қай қалада өтетіні белгілі болды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2024
  • 149

"Евровидение-2025" халықаралық ән байқауының қай қалада өтетіні белгілі болды. Бұл туралы мәліметті Еуропалық хабар тарату одағы нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келесі жылы белді музыкалық байқаулардың бірі Швейцарияның Базель қаласында өтеді.

"Өткізу орыны ретінде Санкт-Якобсхалл залы таңдалды, сондай-ақ байқауды өткізу күндері белгіленді: 2025 жылдың 13, 15 және 17 мамыры", делінген байқау сайтында жарияланған мәлімдемеде.