Русский Сайттың толық нұсқасы

Сырдария өзенінен су жайлып, қыстаудан 400 астам бас уақ мал Абыла ауылына көшірілді

  • AstanaTV
  • 24 наурыз 2017
  • 4461

Сырдария тасып, Абыла ауылы маңындағы қыстақ суға кетті. 30-ға жуық уақ мал құрбан болған. Алайда құтқарушылар қалған 402 бас қойды аман алып қалды. Мына кадрларды бізге құтқарушылар берді. Олар ақпарат түскен бойда ауылға дереу жетіп, малды тікұшақпен Абыла ауылына жеткізілген. Қойларды судан шығаруға 100-ге жуық құтқарушы ат салысқан. 20 бірлік техника тартылған. Ауыл тұрғындары да қарап қалмай, малды аман алып қалуға көмектескен.

Тимур Еркебаев,  Қызылорда облыстық ТЖ департаменті бөлімінің аға инженері:

Малды құтқару мақсатында облыстық төтенше жағдайлар департаменті, Оңтүстік аэромобильді республикалық құтқару жасағынан, жергілікті атқарушы органдар тарапынан, аудандық ішкі істер бөлімі қызметкерлері тарапынан біршама жұмыстар атқарылып, нәтижесінде 402 бас уақ малды Абыла елді мекеніне шығарылды.

Шарипа САҚТАПОВА