Русский Сайттың толық нұсқасы

Іле Алатау тауларында адасып кеткен үш жігіт аман-есен табылды

  • AstanaTV
  • 31 тамыз 2024
  • 299

Іле Алатау тауларында құтқарушылар үш жігітті құтқарды. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алматы облысында 1998, 2001 және 2004 жылы туған үш жігіт тауға шығып, қараңғыда "Лесной" асуынан төмен түскен кезде адасып кеткен. Олар құтқарушылардан көмек сұрауға мәжбүр болған. 

"ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары таулы жерлермен екі сағатта жоғалғандарға жетіп, жігіттерді төмен қарай, туыстары күтіп тұрған жерге түсірді. Оларға медициналық көмек қажет болмады", делінген хабарламада.