Жоғары білім беру ұйымы әлеуметтік желіні шулатқан ақпаратқа қатысты түсінік берді , деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Ә.Марғұлан атындағы Павлодар педагогикалық университетінің Instagram парақшасында 35 оқытушының жұмыстан шығарылуына байланысты түсінік бейне жарияланды.
– Университет оқытушылардың дәрежелері мен ғылыми атақтарына сәйкестендіру үшін кадр саясатын жүргізеді. Өкінішке орай, бірқатар профессорлық-оқытушылық құрамның магстрлік және докторлық диссертацияларға жетекшілік етудегі АКТ талаптарына сәйкес келмейтінін мойындауымыз керек. Магистранттар мен докторанттарға сырттан ғылыми жетекшілер алуға мәжбүрміз. Байқау дәстүрлі түрде жыл сайын тамыз айында бірінші курс контингентін жұмысқа қабылдау қорытындысы бойынша және оқытушылар құрамымен еңбек шартының мерзімі өткен лауазымдарға ғана өткізіледі,– деді ғылыми жұмыс жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин.
Оның айтуынша, соңғы 5 жылдағы жетістіктеріне, әсіресе, жариялау қызметіне сәйкес қызметке түсуден бас тартқандар конкурсқа қатыса алмады.
–23 тамызда құжаттарды қабылдау мерзімі 4 қыркүйекке дейін, ереже бойынша 5 қыркүйекте өтетін қосымша конкурсқа құжаттарды қабылдау туралы хабарлаған болатынбыз. Бірде бір ұстазды жұмыстан шығарған жоқпыз. Университетте жұмыс істегісі келетіндер 5 қыркүйекте конкурстан өтіп, жұмысқа қабылданады,– деді ол.
Бүгінгі таңда бірқатар ұстаздар біліктілік сипаттамалары бойынша байқауға қайта өтініш білдіріп үлгерді. Құжаттарды қабылдау жалғасуда.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде бірқатар профессорлар университеттің қызметкерлердің кәсіби құқығын бұзды деп шағымданды. Тамыздағы бос орынға жұмысқа қабылдау конкурсындағы сәйкессіздік нәтижесінде 35 оқытушы жұмыссыз қалды деген хабарлама тараған болатын.