Русский Сайттың толық нұсқасы

Үндістанда қасқыр баланың мойнынан тістеп, айдалаға алып кеткен

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2024
  • 284

Үндістанның Уттар-Прадеш штатында адам жейтін қасқыр жеті жасар балаға шабуыл жасады. Жыртқыш аң баланың мойынан тістеп, үйден шығарды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі India Today порталына сілтеме жасап хабарлайды.

Анасының айтуынша, қасқыр түнде үйге басып кіріп, баланың мойнынан тістеп, сыртқа сүйреп шыққан. 

"Мен оны құтқаруға тырыстым, қасқырдың аяғын тартып алдым. Бірақ бәрі бекер болды", – дейді ол.

Қасқыр баланы 200 метрдей сүйреп, айдалаға алып кеткен. Ананың айғайын естіп жиылған ауыл адамдары қуып жетіп, аңды үркітіп үлгерді. Ол баланы тастап, қашып кеткен.

Бала аман қалып, ауруханада 13 күн жатты. Қасқырдың шабуылы оның бетінде, мойнында және басында тыртық қалдырды.

Биыл көктемнен бері азиялық қасқырлар үйірі Бахрейч ауданының тұрғындарын тығырыққа тірегені туралы айтылған еді. Шабуылдар наурыз айында басталды, соңғы апталарда жағдай күрт өзгерді. Қасқырлар тоғыз адамды жемтікке айналдырды.