Русский Сайттың толық нұсқасы

1 "П" сыныбы: Алматыдағы мектептердің бірі 17 бірінші сынып қабылдады

  • AstanaTV
  • 01 қыркүйек 2024
  • 329

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматы қаласындағы №204 мектеп жаңа оқу жылында 17 бірінші сынып қабылдады. Оның әрқайсында 29-30 оқушы бар.

Алатау ауданында орналасқан мектеп биылғы оқу жылын 3525 оқушы, 124 сыныппен бастағалы отыр. Мектеп директоры Гүлжан Бекенова бала санының көп болуы білім сапасына әсер етпейтінін айтады. Өйткені оқу ордасы бұрын бұдан да көп оқушыны қабылдаған.

"Мектептің ашылғанына көп болған жоқ. Биыл үшінші жаңа оқу жылын бастағалы отырмыз. Ең алғашқы жылы 19 бірінші сынып қабылдасақ, былтыр олардың саны 17 болды. Бала санының көптігі білім сапасына әсер етпейді. Мектеп 1800 орынға арнап салынған. Балалар екі ауысыммен оқиды. Кадр жетіспеуі де жоқ", - деді мектеп директоры.

Мектеп басшысының сөзінше, кейінгі жылдары Саялы ықшам ауданына басқа өңірден көшіп келгендер көп. Әрі бір үйден 5-6 баласын оқытып отырған көпбалалы отбасылар да бар. Оқушы санының көп болуы осымен байланысты дейді Бекенова. "Алатау ауданы қазір көркейіп келеді. Бірнеше тұрғын үй нысандары салынып жатыр. Оған көшіп келіп жатқандар балаларын біздің мектепке береді. Әрі демографиялық өсім де бар", - деді ол. 

Мектепте білім күніне орай салтанатты жиын өтіп, алғашқы қоңырау соғылды. Балалар аудан ішінде оқу ордасына қауіпсіз қатынауы үшін оларды 6 мектеп автобусы тегін таситын болады. Алматы қаласы бойынша жалпы 28 мыңнан астам оқушы мектеп табалдырығын аттаған. Әрі биыл бірінші сынып оқушылары әдеттегіден 4 мыңға аз