Астанада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2024
  • 373
Астанада жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді

Елордада жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін жеті автобустың қозғалыс бағыты өзгерді. Бұл туралы «City Transportation Systems» ЖШС баспасөз қызметі мәлімдеді. 

Жол жөндеу жұмыстары аяқталғанға дейін №19, 28, 52, 54, 55 А, 55Б, 66 бағдарларының қозғалыс сызбасы уақытша өзгерді. Сапарларыңызды алдын ала жоспарлауды сұраймыз, - делінген хабарламада.