Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 300 пәтер пайдалануға беріледі

  • AstanaTV
  • 27 наурыз 2017
  • 3825

Биыл Атырауда «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша 300 пәтер пайдалануға беріледі. Жобасының жүзеге асуын «Нұр Отан» фракция мүшелері қатаң бақылауға алған. Бүгін де құрылыс нысанында болып, сапасын бақылап, өз көздерімен көріп қайтты.

Қаршыға Жауынбаев, Атырау қалалық мәслихатының депутаты, «Нұр Отан» фракциясы мүшесі:

«Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан нысан. Былтыр қазан айында басталып, биыл  маусым айында бітуі керек. Мұны қалалық, облыстық «Нұр Отан» партиясының фракция мүшелері қадағалап отырмыз. Бүгін де келіп қарап шықтық. Өте қарқынды, жақсы жүріп жатыр. Уақытында бітеді деп есептейміз. Партияның бақылауында болады әрқашанда.

«Нұрлы жол» бағдарламасы аясында аймақта 5 қабатты алты баспана бой көтеруде. Оның екеуі «Нұрсая», төртеуі «Береке» шағын ауданында салынып жатыр.  Мұнда 200-ден астам құрылысшы жұмыс істейді. Мердігер компания басшыларының айтуынша, құрылыстың 70 пайызы аяқталып, коммуникациялық желілер тартылған. Қазір ішкі сылақ жұмыстары жүргізіліп жатыр. Айта кетейік, пәтерлердің әр шаршы метрі 140 мың теңгеден аспайды деп жоспарлануда.