АЭС құрылысы тұрақты инвестицияның келуіне ықпал етеді. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Елнұр Бейсенбаев мәлім етті, деп хабарлайды KAZINFORM.
«Атом электр станциясы тұрақты энергетиканы қамтамасыз етеді. Кез келген инвестор тұрақты электр энергиясына назар аударатыны түсінікті. Өйткені зауыттар тоқтаусыз жұмыс істеу керек. Яғни белгіленген экспорттық шарттарды орындауға осы энергия тұрақтылығы тікелей байланысты. Біз әлемдік деңгейдегі зауаттарды тартатын болсақ, оларға тұрақты эгергияны ұсына алуымыз қажет», - деді Е. Бейсенбаев.
Оның айтуынша, қазір әлемдегі алпауыт елдер АЭС-тен бас тартпайды.
«Партияда АЭС құрылысына қатысты тиісті талдау жасадық. Қазақстанға соңғы буынды технология негізіндегі станция керек. Оны Оңтүстік Корея, Ресей, Қытай және Франциядағы компаниялар жүзеге асыра алады. Біз АЭС салатын мемлекеттерді іріктеген кезде, станцияның жабдықтарының басым бөлігі сол елде өндірілуіне назар аударуымыз қажет. Бұдан бөлек, егер бұл мемлекет алдағы уақытта бөлшектерді қамтамасыз етуде проблема болмауы тиіс. Сол себепті осындай маңызды жағдайға мән берген абзал», - деді депутат.