Русский Сайттың толық нұсқасы

Жамбыл облысында алғашқы «Жайлы мектеп» ашылды

  • AstanaTV
  • 02 қыркүйек 2024
  • 492

Жамбылда «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында салынған алғашқы білім ошағы пайдалануға берілді. Бұл туралы Қазақстан теларнасы хабарлайды.

Байзақ ауданының орталығы Сарыкемер ауылында бой көтерген ғимарат 600 балаға арналған. Білім күнінде балалар игілігіне берілген мектепте алғашқы қоңырау соғылды.Осылайша аймақтағы алғашқы «Жайлы мектептің» бірі есігін айқара ашты. 525 бала жаңа мектепке қадам басты. Бұған дейін ата-аналар да алысқа қатынайтын балалары үшін алаңдайтын. Өйткені өзге мектептер аудан орталығынының шетінде орналасқан.

Дәл осы жерге мектеп қажет еді. Өйткені біздің балаларымыз алыс жердегі №1 мектеп гимназия мен Ғани Мұратбаев гимназиясына барып оқитын. Дәл керек кезде менің балам биыл бірінші сыныпқа барды. Мен баламның осы жаңа, жайлы мектепте оқығанына қуаныштымын, - деді ауыл тұрғыны.

Жаңа білім ұясына барған шәкірттердің шаттығында шек жоқ. Мектеп базасы балаларға қажетті барлық құралмен қамтылған. Ғимаратта 35 оқу бөлмесі, 2 спорт зал, 2 компьютер кабинеті, мәжіліс залы, кітапхана және асхана бар.Президенттің тікелей тапсырмасымен жүзеге асып жатқан «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Жамбылда жалпы 12 мектеп салынады. Оның алтауының құрылысы биыл жыл соңына дейін аяқталмақ.