Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді, соның 9-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген

Биыл Астанада 15 жаңа мектеп пайдалануға берілді. Соның 9-ы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында бой көтерген. Ал келер жылдың соңына дейін заманауи үлгідегі 217 мектеп ашылады деп жоспарланған. Бұл туралы бүгін Президент Жолдауында да айтылды. "Үкімет жайлы мектептерді арнайы басқару жүйесін енгізуді ойластыруы керек. Сонымен бірге, еліміздегі 1300 мектепке күрделі жөндеу жүргізу қажет. Үкімет әкімдермен бірге оны қаржыландыру көздерін анықтап, соның ішінде демеушілерден де қаражат тартып, 3 жыл ішінде бұл мектептерді толық жаңартуы керек" деді Мемлекет басшысы. 

Мектеп алдына жиналған оқушылар мен ата-аналардың қуанышында шек жоқ. Жаңа білім ұясында баламыз алаңсыз білім алатын болды дейді.

ЛӘЗЗӘТ ГАЛИЕВА, ТҰРҒЫН:

Мектебімізге өте қуаныштымын. Балаларымызға денсаулық тілеймін. Ең бастысы денсаулық. Екіншісі білім. Жайлы мектепте бар жағынан жайлы болып. Білімдеріне білімдері асып, осы мектептен үлкен жігіт болып шығуға алла нәсіп етсін.

№ 102 ші мектептің табалдырығын биыл 1320 оқушы аттады. Ал бірінші сыныпқа 180 бала қабылданды. Білім ошағында оқу екі тілде жүргізіледі. Айта кетейік № 102 жайлы мектепке биыл 10 жас маман келген. Олардың басым бөлігі жаратылыстану бағытында дәріс береді.

ЭЛЬМИРА СҰЛТАНОВА, №102 МЕКТЕП ДИРЕКТОРЫ:

Мемлекеттік тілді көп тілділік тұрғыда дамытамыз деген мақсат қойып отырмыз. Ұстаздарды айтатын болсақ, қазіргі жасақталған ұстаздардың сапасы өте жоғары. Болжаммен айтатын болсақ 60% ды құрап отыр. Ол өте жақсы сапалық құрам. Және бізде жас мамандар да бар. Грант әкімдігмен бітірген биылғы түлектер.

Бұл жаңа білім ошақтары 3 ауысымды 5 мектептің және тығыздалығы жоғары 4 мектептің мәселесін шешуге мүмкіндік берді. Жыл соңына дейін тағы 8 нысан пайдалануға берілмек.Оның 6-уы- «Жайлы мектеп».