"Бүгінгі Жолдау қоғамды толғандырып отырған ең өзекті проблемаларға нақты жауап дер едім". Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошанов Бюро отырысында осылай деді. Жиында Палата спикері жолдауды жүзеге асырудың негізгі міндеттерін атады. Сондай-ақ Мемлекет басшысы назар аударған мәселелердің заңнамалық деңгейде шешімін табуы керек екенін айтты.
ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, "AMANAT" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Әр жолдау – алға деген қарқынды ұмтылыс. Президент лауазымына кіріскен күннен бастап Қасым-Жомарт Кемелұлы ауқымды стратегиялық реформаларды қолға алды. Бүгінгі жолдау – сол реформалардың заңды жалғасы. Осылайша, Мемлекет басшысының экономика, саясат пен идеология саласын қатар реформалауға бағытталған стратегиялық бағдары үздіксіз іске асуда. Президенттің ұстанымдары мен бастамалары халықтың сұранысымен үндесіп жатыр.