Русский Сайттың толық нұсқасы

Әуе кемесінде темекі шеккендерге қарсы қатаң жаза қолданылмақ

  • AstanaTV
  • 28 наурыз 2017
  • 2109

Әуе кемесінде темекі шеккендер қылмыстық жазаға тартылуы мүмкін. Инвестициялар және даму вице-министрі Роман Скляр осындай мәлімдеме жасады. Бұл ұсыныс әуе кеңістігін пайдалану туралы заңнамаға өзгеріс енгізу туралы құжатта көрсетілген. Қазіргі әкімшілік жаза ірі айыппұлды қарастырады.

Роман Скляр, ҚР Инвестициялар және даму вице-министрі:

Ұшақ бортында темекі шегуге қатысты жаңа ұсыныс айтып отырмыз. Оған сәйкес, әуе кемесінде шылым шеккен азамматтардың үстінен қылмыстық іске дейін қозғалуы мүмкін. Бұл бастаманы депутаттар қолдайды деп ойлаймын. 

Сенаторлар әуе билеттерінің тым қымбаттығын алға тартты. Тіпті ішкі рейстердің өзі шетелдік бағыттардан асып түседі деген олар жағдайдың мұқият саралануын талап етті.  Ал вице-министр ұшақтардың лизингке алынғанын алға тартты. Сондықтан билет бағасына қатысты сұрақ ашық күйінде.