Өнер жолындағы талай арудың жолын ашқан "Қазақ аруы" байқауы биыл да өз жалғасын табады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл туралы жобаның продюсері Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
"Кезінде жас Гүлназ Жоланова да кастингке өзіне, арманына деген үлкен сеніммен келген еді. Біз сізді күтеміз!", - деп жазды продюсер.
Кастинг 6-7-8 қыркүйек күндері Алматы қаласында өтеді.
Байқау талаптары:
Қазақ тілін жетік меңгеру;
16-22 жас аралығында болу;
Бойы 170 см-ден жоғары болу;
Сұлу да сымбатты, ақылды әрі дарынды болу.