Русский Сайттың толық нұсқасы

Танымал әнші метро қызметін бір сағатқа ұзарту үшін 100 мың доллар төледі

  • AstanaTV
  • 03 қыркүйек 2024
  • 282

Бейонсе Вашингтондағы метро қызметін бір сағатқа ұзарту үшін 100 000 доллар төлеген, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Бұл туралы CNN ақпараттық агенттігі хабарлады.

Әнші Вашингтондағы барлық 98 метро станциясының жұмысын бір сағатқа ұзартқан.

Жексенбі күні Грэмми сыйлығының иегерінің концерті қатты жаңбыр салдарынан екі сағатқа кеш басталған. Концертке келген тыңдармандары үйлеріне метромен жетуі үшін орындаушы метро жұмысының қосымша қызметі үшін ақы төледі.

"Ауа райының қолайсыздығына байланысты метроның жұмыс уақыты бір сағатқа ұзартылды. Қосымша сағат әншінің турне есебінен қаржыландырылды", - делінген Вашингтон қалалық көлік басқармасының хабарламасында.

Соңғы пойыз Вашингтонның концерттік алаңға ең жақын орналасқан Морган бульвары станциясынан түнгі сағат 1:04-те Бейонсе өз өнерін аяқтаған соң біраз уақыттан кейін шықты. Әдетте соңғы пойыз бұл метро станциясынан сағат 23:34-те өтеді екен.

Бейонсенің Renaissance World Tour аясындағы концерті FedExField стадионында өтті. Бұл әншінің 2016 жылдан бергі алғашқы жеке турнесі. Ол Швеция, Ұлыбритания, Франция, Испания, Германия, Нидерланды, Польшада және АҚШ-тың бірнеше қаласыында концерт берді. Гастроль аясында барлығы 40-тан астам концерт жоспарланған.