Русский Сайттың толық нұсқасы

«Суды барынша үнемдеу жұмысын ұйымдастыру керек», - Қ. Тоқаев

Қасым-Жомарт Тоқаев қарғын суды жинап, диқандардың қажетіне жарату үшін оны дұрыс сақтау керегін айтты. Бұл ретте гидрология бекеттерін жөндеп, тіршілік нәрін үнемдеу маңызды. Мемлекет басшысы көктемде болған су тасқынына да тоқталды. Табиғи апаттың тауқыметін тартқан халыққа барынша қолдау білдірген, күш жұмылдырып, қол ұшын созған азаматтарға алғысын білдірді. 

ҰЛЫҚБЕК ЕСДӘУЛЕТ, ҚР МЕМЛЕКЕТТІК СЫЙЛЫҒЫНЫҢ ЛАУРЕАТЫ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ:

Көктемде болған су тасқыны, мысалы 10-нан астам облыстарда қаншама адам үй-күйсіз жағдайға ұшыратып, зардабын шектірді. Ал енді осы Жолдауда сол кездегі біздің халықтың ынтымағы мен бірлігіне ризашылық білдіре отырып, сонда көмегін аямаған азаматтардың еңбегін атап өтіп отырып, алдағы уақытта осындай қауіп-қатерге дайын болу керегін айтып. Жергілікті жердегі әкімдер, басқа да биліктегі азаматтардың халықпен бірге жүру, халықпен бірге болу, халықтан алшақтамауы туралы айтып отыр.

Президент Жолдауында түрлі ұсыныстар мен бастамалар көтерілді. Нақты бағыттар бойынша тапсырмалар берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев ғалымдардың шетелдегі тағылымдамасы академиялық туризмге айналып кетпеуін басты назарда ұстауға пәрмен берді. Сала мамандары бұл тұрғыда жоспар құрып, іске кірісіп жатқандарын жеткізді. 

ФАРАБИ ЕРМЕКОВ, ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ ЗЕРТТЕУ УНИВЕРСИТЕТІ ҒЫЛЫМИ БІЛІМ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ПЛАТФОРМАСЫНЫҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:

Шетелге ғылыми тағылымдамаға кейбір жастарымыз барып жатыр. Барғанмен, тек қана қыдырумен уақыт өткізіп жатыр. Нақты білім, нақты ғылым, технологияны үйреніп жатқан жоқ. Әрине, енді көпшілік болғаннан кейін, ел болғаннан кейін олардың арасында академиялық туризмге де айналып жатқандары да бар. Жоқ деп айта алмаймыз. Президентіміз оны жайдан-жай айтып жатқан жоқ және біз оған міндетті түрде назар аударуымызға тура келеді.