Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында бала саудасымен айналысқандар ұсталды

Алматы облысында полицейлер жаңа туған сәбиді және кәмелет жасқа толмаған балаларды саудаға салмақ болған қылмыстық топты құрықтады. Полиция департаментінің мәліметінше, 25 тамызда әлеуметтік желіде “кәмелетке толмағандар мен жаңа туған сәбилерді заңды түрде асырап алуға көмектесеміз” деген қылмыстық топтың әрекеті туралы ақпарат түскен. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында күдікті ұсталды. 

Меруерт МОРЯКОВА, ОБЛЫСТЫҚ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ РЕСМИ ӨКІЛІ:

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Қызылор да облысының тумасы, 38 жастағы күдікті анықталды. Кәмелетке толмағандарды сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті қамауға алынды. Қазіргі уақытта барлық қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.