Русский Сайттың толық нұсқасы

“Қойдың майын жағып жатырмын“. Баян Мақсатқызы бала күтімі туралы айтты

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 86

Жақында екі қыздың анасы атанған Баян Мақсатқызы оқырмандарының бала күтімі туралы сұрақтарына жауап берді, - деп хабарлайды Massaget.kz.

Танымал продюсерге жақында өмірге келген екі қызы туралы сұрақ жиі қойылады екен. Баян Мақсатқызы әлеуметтік желідегі парақшасында бірнеше сұраққа жауап берді. 

"Қырқынан шықпады ғой. Әсіресе балаға сыртқа шығуға болмайды ғой қазақ ырымында" деген оқырманына: "Қойдың майын жағып үйде отыра беріңіз" - деп жауап берген Баян Мақсатқызы. 

Продюсер шынымен де бала күтімінде қойдың майын қолданатынын айтты. 

"Айтпақшы, қойдың майын жағып жатырмын. Бірақ күніне екі рет далаға шығамыз", - деп жазды ол әлеуметтік желідегі парақшасында.