Русский Сайттың толық нұсқасы

Мектеп бухгалтерлері 80 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 203

Атырау қаласында үш мектептің бухгалтерлері 80 млн теңгеден астам қаржыны жымқырған. 

Қалалық прокуратура қызметкерлері тексеру барысында бюджет қаражатының ұрланғанын әшкереледі.  №36 мектеп-гимназиясы, И.Тайманов атындағы №27 мектеп және Б. Нысанбаев атындағы мектептің есепшілері екі жыл ішінде   81,3 млн теңге бюджет қаржысын жымқырған.

Cыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет  тергеу жүргізді.

Атырау қаласының прокуроры Руслан Әйтімовтің айтуынша, сотталушылар  кінәсін толық мойындады. Сот оларды бес жылға кейінге қалдыра отырып, 6 жылға бас бостандығынан айыруға, сондай-ақ 3 жылға бухгалтерлік қызметпен айналысуға тыйым салуға үкім шығарды.

Бірінші сатыдағы соттың үкіміне шағым жасалмады.

Бюджетке 7,1 млн теңге қайтарылды,-деп жазады «Ақжайық».