Русский Сайттың толық нұсқасы

Арбаға таңылған Бибігүл Төлегеноваға Air Astana қызметкері дөрекі сөйлеп, бортқа кіргізбеген

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 438

Air Astana қызметкері Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға дөрекілік танытып, бортқа кіргізбей тұрып алған, деп хабарлайды El.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы Лека Савельева есімді Facebook желісінің қолданушысы мәлім етті.

3 қыркүйек күні сағат 10.30-да Астанадан Алматыға ұшқан Эйр Астана 852 рейсінде біздің қоғам қайда бара жатқаны туралы ойлануға мәжбүр ететін өрескел жағдай болды. Халық әртісі Бибігүл Төлегеноваға Air Astana авиакомпаниясының қызметкері тарапынан дөрекілік пен құрметсіздікке тап болды, - деп жазды ол.

Еліміздегі ірі әуе компаниясының қызметкері ұшақ есігіне дейін арбаға отырып келген 95 жастағы Бибігүл Төлегенованы басқа жолаушыларға кедергі келтіресіз деген желеумен бортқа өткізбеген.

Бибігүл Төлегенованы шығарып салушы адам оны бортқа дейін арбаға отырғызып алып келген. Бірақ қызметкер оларды дереу тоқтатып арбаға таңылған жолаушылар ұшаққа не ең бірінші келуі керек екенін, ал, бірінші келмеді ме соңғы жолаушы кіріп кеткенше күтуі керегін айтты... Бибігүл Ахметқызы арбамен тек ұшақтың кіребірісіне дейін ғана барып, ары қарай ешкімге кедергі келтірмей орнына жайғасқысы келді. Оның үстіне сол уақытта топырлаған жолаушы да болмады. Арбамен оп-оңай әрі тез өтіп кетуге мүмкіндік болды. Air Astana қызметкеріне Бибігүл Төлегенова арбада ұзақ уақыт отырып қалса, омыртқасы қатты ауыратынын айтып, салонға ертерек өткізіп жіберуді өтіндік. Тіпті оның жасы 95-ке келгенін, халқының құрметті азаматы екенін де айттық, - дейді желі қолданушысы

Оның айтуынша, әуе компаниясының қызметкері халық әртісіне ешқайдай жеңілдік болмайтынын өте дөрекі түрде ескерткен.

Әлеуметтік желідегі осы жазбаның астына пікір жазған әуе компаниясының ресми парақшасы аталмыш оқиға болғанын растады.

Бибігүл Ахметқызы Төлегеноваға деген құрметіміз ерекше! Air Astana әуе компаниясы үшін қауіпсіздік басты орында. Әуе қауіпсіздігінің халықаралық ережелеріне сай, арбада отырған жолаушылар ұшаққа ең бірінші болып немесе ең соңында мінеді. Яғни, осы ереже жолаушылардың бәрі үшін ыңғайлы, сондай-ақ, терминалдан эвакуациялау ережелеріне сай. Біздің қолымыздағы ақпаратқа сүйенсек, Қазақстанның халық әртісі Бибігүл Төлегенова мен оның қызы жолаушылар ұшаққа міне бастағанда келгнен. Сондықтан, әуе компаниясының агенті жолаушылар мініп алғанша күте тұрыңыздар деген, - деп жазған компания.

Әуе компаниясы қызмет сапасын жақсарту үшін қосымша тексеріс жүргізетінін мәлімдеді.