Қытай әлемдік деңгейдегі компаниялардың акцияларын жаппай сатып ала бастады. Мамандар Аспан асты елі 10 жыл бойы осы бағытты ұстанатынын айтуда. Бұл мақсатқа Бейжің жылына 275 млрд доллар бөлуді жоспарлаған. White & Case LLP мамандарының сөзінше, Қытай бұл қадамға тәуекелге бас тіге отырып барған.
Сонымен,
26-шы наурызда HNA Group Co, американдық Old Mutual Plc компаниясының 25%
акциясын алу туралы келісімге келген. Құны 30 млрд 446 млн доллар. Өткен жұмада
Zhonghong Zhuoye Group Co, SeaWorld Entertainment Inc компаниясының 21% акциясын алатыны мәлім болды. Енді Қытай
американдық оператордың ірі акционерлерінің бірі болып отыр.
Ал өткен аптада
ғаламтор гиганты болып саналатын Tencent
Tesla-ның 5 пайыз акциясын еншілеген. Әңгіме құны 2,2 миллиард долларды құраған
8 млн акция жайында болып отыр.