Русский Сайттың толық нұсқасы

Илон Маск кәсіпте ғана емес, билікте де өз бағын сынамақ

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 279

Илон Маск АҚШ президенттігіне кандидат Дональд Трамп қараша айындағы сайлауда жеңіске жеткен жағдайда оны әкімшілікке жұмысқа алу туралы экс-президенттің ұсынысына жауап берді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

"Мен [қызметке тағайындалуды] тағатсыздана күтемін", — деп жазды ол Х әлеуметтік желісінде.

Маск АҚШ-тың қазіргі Үкіметінде ысырапшылдық пен қажетсіз реттеу өркендеп келе жатқанын, онымен "күресу керек" деп қосты.

Дүйсенбіде The Washington Post газеті Мемлекеттік бағдарламалар аудиті жөніндегі комиссияның құрылуын бірнеше айдан бері Трамп командасы жабық есік артында талқылап жатқанын хабарлады. Жаңа органның басында "белгілі кәсіпкерлер" болуы мүмкін, олар үкіметтің есептерін тексеріп, "қысқартуға келетін мыңдаған бағдарламаларды" анықтауы керек.

25 тамызда Трамп The Shawn Ryan Show-ға берген сұхбатында Маскқа АҚШ үкіметінде орын ұсынуға дайын екенін айтты орын. Экс-президент Маск бірнеше ірі компанияларды басқаратындықтан оның ұсынысын қабылдайды деп ойламайтынын айтты. Сондай-ақ, Трамп АҚШ президентінің сайлауында жеңіске жеткен жағдайда Маскты өзінің кеңесшісі ретінде көргісі келетінін жасырмады.