Русский Сайттың толық нұсқасы

Бас прокурордың орынбасары халықтың сауалдарына жауап берді

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2017
  • 2030

Халықтың құқық қорғаушыларға сенімсіздікпен қарауы тиылмай тұр. Осыған алаңдаған Бас прокуратура өкілдері олқылықтың орнын толтыруға мүдделі.

«Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына көпшіліктің арыз шағымын тыңдау үшін Бас прокурордың орынбасары Андрей Кравченко келді. Қабылдауға жазылған азаматтардың  мәселесі әр алуан. "Нұр Отан" партиясы тұрғындардың түйіткілді мәселесі шешімін тапқанша, жіті назарда ұстамақ. Бірінші топ мүгедегі болса да, ісін дөңгелетуге ұмтылған Александр Карпович кәсібін кеңейту үшін бос жатқан жер теліміне қол жеткізе алмай жүрген. Бүгін ол кедергілерді бүкпесіз жайып салды.

Александр Карпович, жеке кәсіпкер:

Жергілікті атқарушы орган өкілдері қосымша жер телімін бермей отыр. Басқа қожайыны бар дейді. Алайда мен өзім зерттеу жүргізіп, жердің ешкімге тиесілі болмағанын анықтадым. Міне екі жыл болды сот та, басқасы да нәтижесіз. 

Қадағалаушы орган басшысының орынбасары кәсіпкердің шағымын тыңдап, тиісті құқықтық көмек көрсетілетінін айтты. Жалпы қабылдауға келген азаматтардың барлығының да мәселесі аяқсыз қалмай, заңды тұрғыда шешімін табатынына уәде етті.