Русский Сайттың толық нұсқасы

Атырауда «Нұр Отан» партиясының қоғамдық қабылдауына деген сенім артқан

  • AstanaTV
  • 29 наурыз 2017
  • 2106

Мүгедек жан "Нұр Отан" партиясының қамқорлығымен өмірге қайта келгендей болды. 15 жасында беті-ауызын күйік шалып, қоғамнан сырт қалған атыраулық Рашид Сүлейменов партияның шарапатын көрді. Есейе келе, мүгедектігін рәсімдей алмай, бірнеше жыл мемлекеттік мекемелердің табалдырығын тоздырған. Соңғы үміті партияның қоғамдық қабылдауы болғанын жасырмады. Жас жігітке аз уақыт ішінде 3-ші топ мүгедектігі тағайындалған. Партия өкілдері оның жұмысқа тұруына да көмектесті. 


Аймақта  қоғамдық қабылдауға келген әрбір бесінші азаматтың шағымы оң шешімін тауып отыр. Былтыр 5 400 өтініштің 1100-ден астамы қанағаттандырылған. Биыл жыл басынан бері 200-дей азамат партиядан қолдау тапты.

Рашид Сүлейменов, Атырау қаласының тұрғыны:

Мүгедектігімді ала алмай жүрдім көп жылдан бері. Бір жыл бұрын «Нұр Отан» партиясына барып,  жағдайымды түсіндіріп айтып едім, мүгедектігімді тағайындап көмектесті, пенсиямды алып отырмын қазір. Жұмысыма орналаса алмай жүрдім, жұмысқа орналастырды. «Нұр Отанның»  арқасында қоғамның бір  мүшесі екенімді сезіндім.

Гүлнәр Шантемірова, «Нұр Отан» партиясы АОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі:

Жыл басынан бастап бүгінгі күні біздерге  мыңға жуық өтініш түсіп отыр, оның ішінде 253 - жұмыс мәселесі, әлеуметтік мәселелер, пәтер мәселесі. Партия филиалына келген өтініштерге қолымыздан келгенше көмектесеміз.