Алаш қозғалысының тарихы әлі де зерттеуді қажет етеді. Қызылордада өткен «Алаш мұрасы және Тәуелсіз Қазақстан» атты халықаралық ғылыми конференцияға келген тарихшылар осындай қорытынды жасады.
Осыдан бір ғасыр бұрын дербес ел болуды мақсат еткен ұлт зиялыларының бастамасы тарихтан өз орнын алғаны анық. Алаш зиялыларының қатарында Мұстафа Шоқайдың шоқтығы биік. Ғалымдардың айтуынша, әлемдік саясатта айтулы тұлғалардың қатарына қосылған Мұстафа Шоқайдың тағдыры - қазақтың қайраткерлерінің ешбіріне ұқсамайтын ерекше табиғи құбылыс. Туған жері - Сыр елінде - биіктігі 12 метрлік еңселі ескерткіші бой көтерді.
Гүлжанат Құрманғалиева, ГАЗИ университетінің профессоры, Түркия:
Мұстафа Шоқайдын қанатты сөздерің әркім оқу керек деп ойлаймын. Әлі күнге дейін өзінің маныздылығын жоғалтқан жоқ. Мысалы, кейбір сөздері: біз құл болып тұра алмаймыз, біз ұлт азаттығымызды аламыз деп6 сол кезде сенген. Шынымен тәуелсіздікке қол жетті. Шоқайдын тағы бір сөзі, ұлттық рухтың негізі - ұлттық тіл, дейді. Олда әлі маңызын жоғалтпаған.
Алаш қозғалысы - ұлы құбылыс. Қазақты әлемдік деңгейге көтерген және қазаққа әлем биігінен қараған құбылыс. Оны бір сәтте немесе 15-20 жылда игеріп тастау мүмкін емес, дейді жиынға қатысушылар. Жылдар өтіп, ұрпақ алмасқан сайын әр қырынан, беймәлім қырынан біле береміз, деген ғалымдар, Алаш - мәңгі қазынамыз екендігін сөз етті.
Қырымбек Көшербаев, Қызылорда облысының әкімі, саяси ғылымдар докторы:
Алаш
қозғалысы аталған кезінде қоғамдағы саяси-әлеуметтік оқиғалар барысында аяғына
тік тұрды, дамыды, шыңдалды, бағыты айқын саяси елеулі күшке айналды. Бірінші
орыс-буржуазиялық демократиялық революциялық шыңдарында бейбіт саяси акциялар
ұйымдастырып, ұлт мүддесін көздейтін көптеген бастамалар көтерді.