Русский Сайттың толық нұсқасы

"Қатонқарағай, Кендірлі және Зайсанда әуежай салынады", - Т. Ластаев

Қатонқарағай, Кендірлі және Зайсанда әуежай салынады. Сондай-ақ Алакөл, Балқаш сынды демалыс орындарына қатынайтын әуе рейстері көбеймек. Мемлекет басшысы халыққа Жолдауында «өңірлердің туристік әлеуетін дұрыс пайдалану қажет» деп тапсырған болатын. Президент тапсырмасына орай қазір нақты шаралар қабылдануда. 

ТАЛҒАТ ЛАСТАЕВ,  ҚР КӨЛІК ВИЦЕ-МИНИСТРІ:

Қазақстан аэропорттарында 150 мың тоннадай жүк тасылмалы қарастырылған. Төрт жыл ішінде бұл көрсеткішті екі есеге ұлғайту тапсырылды. Оны жүзеге асыру үшін бірнеше шаралар қабылданды. Ең алдымен цифрландыру, кеден орындарынның жұмысын жеңілдету қажет. Жанармай өндірісін оның ішінде авиа жанармайлар өндірісін барынша ұлғайту керек. Сондай-ақ ішкі әуе рейстерінің санын көбейту жоспарда бар. Туристер көп баратын Алакөл, Каспий теңізі, Щучинск сынды демалыс орындарына тікелей тасымалдау қолға алынды. Бұл үшін субсидияланған 19 рейстің санын арттырамыз.

Сондай-ақ Жолдауда айтылған аудан және қала әкімдерін сайлау арқылы қызметке әкелу де қазақстандықтар үшін жағымды жаңалық болды. Сарапшылар халықтың көп бөлігі қалада тұратындығын ескерсек, бұған тұрғындар оң бағасын береді деп есептейді. 

РАҚЫМ ОШАҚБАЕВ, TALAP ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ:

Менің ойымша бұл нағыз саяси бәсекелестікті туғызады. Сайлау арқылы аудан және қала әкімі қызметіне лайықты мамандар келеді деп ойлаймын. Ел тұрғындарының көбі аудан орталықтары мен қалаларда тұратынын ескерсек, бұл сол халықтың арман-мақсаттарының орындалғаны деп білуіміз керек. Себебі олар өздері қалаған адамның басшы болғанын қалайды.