Русский Сайттың толық нұсқасы

БҚО-да су тасқынынан зардап шеккендер түгел баспаналы болды

Батыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендер түгел баспаналы болды. Небары бес айда бүлінген үйлер қалпына келтіріліп, мыңдаған адам қоныс тойын тойлады. Су астында қалған Қаратөбе ауданындағы Қоржын ауылының тұрғындары да қираған қара шаңырағын қайта жаңартты. 

Қобыланды ЖҰМАҒАЛИЕВ, ҚОРЖЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Су біз кеткеннен кейін уже омыраудан келді. Омыраудан келгенде төлдің бәрі ағып кетті.

Көктемгі тасқында Қоржын ауылындағы 115 үйдің 90-ын су шайып кетті. Жиған-тергенінен бір сәтте айрылған ауылдықтар бірнеше күн мектеп ғимаратын паналады. Қайықпен қатынас қиындағасын, тұрғындар қауіпсіз жерге тікұшақпен көшірілді. Бес айдан кейін қираған мекеннің орнынан жаңа ауыл бой көтерді.

АБАЙ МЫРЗАБАЕВ, ҚОРЖЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Президенттің өзі келді, уәдесін берді бізге, үйсіз қалмайсыңдар деді. Кездестік. Міне, уәдесінде тұрды, ризамыз!

АРАЙ АЙТҚАЛИЕВА, ҚОРЖЫН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

- Төрт айдай палаткада тұрдық, қалаға барғанда пәтерде тұрдық. Бүгін енді бұйыртса, кілтті қолымызға алайын деп жатырмыз.

Ауылдықтарды қуанышымен құттықтаған облыс әкімі Нариман Төреғалиев жаңа үйлердің кілтін табыстады. Бүгінде су тасқынының зардабы өңірде толық жойылған. Оралдың өзінде 375, аудандарда 400 үй салынды.

НАРИМАН ТӨРЕҒАЛИЕВ, БҚО ӘКІМІ:

2100-дей тұрғын үйді екінші және бірінші нарықтан сатып алып бердік. Соның сыртында 775 тұрғын үйдің құрылысын біз облыс бойынша салдық. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, мына күз айларына дейін салып бітіруді тапсырған болатын. Біз сол күз айларына дейін бәрін үлгердік.

Енді Қоржын ауылындағы мәдениет үйі, әкімдік ғимараты, медпункт секілді бірқатар әлеуметтік нысандар қалпына келтіріледі.