Русский Сайттың толық нұсқасы

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысы өтті

Мәжіліс Спикері, «AMANAT» партиясының Төрағасы Ерлан Қошанов АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штабтың алғашқы отырысын өткізді. Оның құрамына 6 саяси партияның, сондай-ақ шамамен 20 республикалық қоғамдық бірлестіктің 250-ге жуық өкілі кірді. Мәжіліс Спикері бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік мәселесі күн тәртібінде алғашқы орынға шыққанын атап өтті. Қазіргі уақытта Қазақстан электр энергиясының тапшылығын сезінуде және оны көрші елдерден импорттауға мәжбүр. Сондықтан Халықтық штабтың басты міндеті – қоғамға АЭС салудың маңыздылығы мен артықшылықтарын жеткізу, жұрт арасындағы негізсіз үрейлерді сейілту. Оған қоса, партиялар мен Үкіметтік емес ұйымдардың бірлесіп жұмыс істеуде табысты тәжірибесі бар екенін атап өтті. Алдағы уақытта штаб мүшелері өңірлерде аралап, еңбек ұжымдарымен кездесу өткізеді. 

ЕРЛАН ҚОШАНОВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Әр халықтың өзінің бір асқақ арманы болады. Біздің арманымыз өз Тәуедсіздігімізді нығайту. Бірақ тәуелсіздік деген сөздің ауқымы кең екенін біз ұмытпауымыз керек. Оның артында саяси тәуелсіздік бар, экономикалық тәуелсіздік бар. Сонымен қатар энергетикалық тәуелсіздік де бар. Бүгінгі таңда энергетикалық тәуелсіздік алдыңғы қатарға шығып отыр. Өйткені энергия эканомикамыз болып, күре тамырға қазірдің өзінде елімізде энергия тапшылығы айтарлықтай сезілуде. Электр энергиясын біз көрші елдерден импорттауға мәжбүр болып отырмыз. Бізге осы түйіткілдердің бәрін шешуге таза, тұрақты, қауіпсіз , сарқылмас қуаттың көзі керек. Оны АЭС ғана бере алады.