Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақмола облысында көлік пен трактор соғысып, 2 адам қаза тапты

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 273

Ақмола облысында облыстық маңызы бар Ерейментау-Еркіншілік-Аршалы автожолының 14 шақырымында жол талғамайтын көлік жүргізушісі жолда тұрған трактор тіркемесіне соғылған. УАЗ маркалы автокөліктің жолаушысы мен жүргізушісі қаза тапты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Оқиғаның егжей-тегжейін Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары Тайбай ауылының маңында УАЗ PATRIOT маркалы автокөліктің 28 жастағы жүргізушісі ақау шығып, жол бойында тұрған МТЗ маркалы трактордың тіркемесімен соғысты. Апат салдарынан УАЗ жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды, кейін аудандық ауруханада УАЗ жүргізушісі де қайтыс болды", - деп хабарлады полиция.

Полиция апат болған жерде шамның бәрі жанып тұрмағанын және апаттық белгі қойылмағанын анықтады.

Осыған байланысты полицейлер барлық жүргізушіден жолда өте қырағы болуды сұрайды.