Русский Сайттың толық нұсқасы

«Үзіліс кезінде мызғып алса болады»: Алматыдағы мектептердің біріне ұйықтайтын парта қойылды

  • AstanaTV
  • 04 қыркүйек 2024
  • 331

Балаларға ұйықтауға мүмкіндік беретін парталар әкелінді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыдағы бастауыш сынып оқушылары сабақта ұйықтай алады. Сыныптарға арнаулы ұйықтауға арналған парталар қойылған. Енді балақайлар үзіліс кезінде мызғып алса болады, деп 24.KZ арнасы мәлімдеді.

Биыл Алматыдағы 15-гимназияның бастауыш сыныптарына түгелдей ұйықтауға арналған парталар қойылды. Енді 20 минуттық үзілісте балалар партасын созып, жатып демалып алады. Мектеп басшылығының айтуынша, бір орында ұзақ уақыт тапжылмай отыру – бұғанасы бекімеген балаларға оңай емес. Оқушылардың кейбірі алыстан келеді, ерте тұрғандықтан ұйқысы қанбайды. Сол себепті оқушының денсаулығына кері әсер тигізбес үшін осындай параталар орнатылған.

"Оның ерекшелігі – оқушылар қоңырау кезінде 15-20 минут релакс минут өткізе алады. Яғни жатқызылған парталарда ұйықтай алады. Қазір ғана, міне, балалар ұйықтап тұрды. Ол балалардың денсаулығына, сабақта өздерін қалай ұстайтынына, сабақтағы оқу үрдісіне қалай әсер ететінін тәжірибеде бақылап көреміз", - дейді №15 гимназияның мұғалімі Рауан Жанатханова.