Русский Сайттың толық нұсқасы

Президент Паралимпиададан чемпион атанған Давид Дегтяревті құттықтады

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2024
  • 166

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионын желіде құттықтады. Ол Дегтяревке ыстық лебізін жеткізді.

“Давид Дегтяревті Паралимпиада ойындарының екі дүркін чемпионы атануымен шын жүректен құттықтаймын! Ол ерекше ерік-жігер танытып, жеңіс тұғырынан көрінді”, – деп жазды мемлекет басшысы.

Паралимпиададан Қазақстанның еншісінде үш жүлде бар.

Алғашқы күміс жүлдені Еркін Ғаббасов нысана көздеуден жеңіп алса, Давид Дегтяров пара пауэрлифтингтен чемпион атанды. Ал Дастан Мұқашбеков ядро лақтырудан қола жүлдегер атанды.