Русский Сайттың толық нұсқасы

"Келін болғаныңды көріп, көңілім бұзылды": Абай Бегей 16 жасында тұрмысқа шыққан қызына терме арнады

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2024
  • 325

Танымал әнші Абай Бегей 16 жасында тұрмыс құрған қызына арнап терме айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өнер иесінің қызы Сымбат үйіне тұрмысқа шыққаннан кейін алғаш рет келді.

“Келін болған қызымды көріп көңілім бұзылды
танымайтын жат елдің, шайын құйып, сызылды
Көлегейлеп көзімді, көзімнен жасым үзілді
Еркелігі үйдегі елес боп көзге ілінді”, – деп жырлады әнші.

Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, жылы лебіздерін жарыса жазып жатыр.

“Абайдың қызына деген сағынышы осы термемен жетті”, “Екі жас бақытты болсын!”, “Өте дұрыс жазылған терме екен”, “Күйеу бала алған қызын жылатпауы керек”, “Қайта-қайта тыңдап, жылай бердім”, – деп жазды көпшілік.

Айта кетейік, өнер иесінің 16 жастағы қызын ақтаулық жігіт алып қашқан болатын. Алайда әнші қызын ұзатып бермек болды.