Русский Сайттың толық нұсқасы

"Жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады": Мөлдір Әуелбекова жақсы жаңалығын бөлісті

  • AstanaTV
  • 05 қыркүйек 2024
  • 273

Өнер иесі жеке парақшасында қыз жасаудың видеосын көрсетіп, оқырмандарын таңғалдырды.

“Бұйырса, осы жап-жаңа, өте әдемі, премиум сапада жасауым жаңа отауымның төрінде жарқырап тұрады. Құттықтап қойыңыздар", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесін жақсы жаңалығымен жаппай құттықтап жатыр.

“Алла екі дүниенің бақыттын нәсіп етсін. Әйел және ана бақытын нәсіп етсін. Алл Өзі қолдап және қорғап жүрсін”, “Үшінші рет тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?”, “Бақытты болыңыз. лайықтысыз", "Тағы да тұрмысқа шығайын деп жатыр ма?", "Біз бір рет те шықпадық. Мөлдір үшінші рет тұрмыс құрғалы жатыр", "Бақыт тілеймін. Бірақ жария етпей шыға салған дұрыс па еді", "Бағың ашылсын", "Сіз үшін қуаныштымын", – деп жазды желідегілер.

Бұған дейін Мөлдір Әуелбековаға оқырмандары үшінші рет тұрмыс құрмауға кеңес берген еді.