Русский Сайттың толық нұсқасы

"Президенттің бастамаларын іске асыруға күш-жігерімізді саламыз,"- Сенат төрағасы

"Президенттің бастамаларын іске асыруға күш-жігерімізді саламыз". Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев осылай дейді. Жолдауда жүктелген міндеттер мен мақсаттарды іске асыру үшін тиісті заңнамалық актілер әзірленіп, қабылданады. Палата олардың уақтылы қаралуын және мақұлдануын қамтамасыз етеді деді. 

МӘУЛЕН ӘШІМБАЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ СЕНАТЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:

Бұл жұмыстарды біз Мәжіліс пен Үкіметтегі әріптестерімізбен және сарапшылармен бірлесіп жүргіземіз. Азаматтарымыздың өмір сүру деңгейін одан әрі арттыруға және Қазақстанның орнықты дамуына арналған Президентіміздің барлық бастамасын сессия барысында бірлесіп іске асыруға бар күш-жігерімізді жұмсауымыз қажет.