Тоғыз алтын медаль аламыз. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына соңғы дайындығын пысықтап жатқан балуандар осындай меже қойып отыр. Қазақ күресінен ел намысын қорғайтын спортшылар сақадай сай. Жүлдені күректеп алуға бар мүмкіндік бар дейді.
ДАМИР БЕКБОСЫНОВ, ҚАЗАҚ КҮРЕСІ АССОЦИАЦИЯСЫНЫҢ БАС ДИРЕКТОРЫ:
Міндеттеме бойынша бас бапкеріміз қазақ күресінен 9 алтын медаль, 3 күміс, 4 қола медальді иеленеміз деген пікір білдірген екен. Бас бапкерлеріміз, бапкерлік құрам білікті жаттықтырушылардан құралған, оларға сенеміз, спортшыларға да сенім артамыз.
ЕРАСЫЛ ЖАНАТЕВ, БАЛУАН:
Дайындық өте жақсы. Осының алдында 2-3 сбор болды. Осы соңғы сбор. Қазір осы сборда салмақ қуу. Сол өзбектер, қырғыздар, тәжіктер келеді, мықты палуандар бар, солар ғой қарсылас ең бастысы.