Русский Сайттың толық нұсқасы

Жаңа мектепке "АМАNАТ" партиясының мүшелері мониторинг жүргізді

Өскеменде 600 орындық жаңа мектеп ашылды. Қолданысқа енді берілген білім ошағына "АМАNАТ" партиясының мүшелері мониторинг жүргізді. Заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған оқу ордасы екі ауысымда жұмыс істейді. Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне назар аударылған. 

ТӨЛЕГЕН МҰХТАР, «АМАNАТ» ПАРТИЯСЫ ШҚОФ ПАРТИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ТӨРАҒАСЫ:

Жайлы мектепте жаңа зертханалық қондырғылары бар. Кітапхана қоры өте үлкен. Спорт залдары да толыққанды мүмкіндіктерге ие. Сондай-ақ оқушылардың ата-аналарымен де байланыстық. Бақытты деп ойлаймыз. Ата-аналар да, мұғалімдер де білім сапасы мен оқыту әдістеріне қатысты сұрақтары болса бізге хабарласа алады.