Русский Сайттың толық нұсқасы

«Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші күні аяқталды

Халықаралық «Ұлы дала жорығы» марафон-бәйгесінің екінші күні аяқталды. Бағдарламаға сәйкес, командалар бәйгенің 200 шақырымын бағындырды. 17 команда Ақмола облысының Лесное ауылы маңынан жорықты бастап, Атбасар елдімекенінің жанында аяқтады.Екінші кезең қорытындысы бойынша, «Көкмойнақ» командасы жеңімпаз атанды.Ботай тұрағынан басталған көшті екі күн Қырғызстан мемлекетінің шабандоздары бастап келді.Жарыс жолында Ақтөбе құрамасы жаңа рекорд орнатып, 50 шақырымды 2 сағат 22 минутта жүріп өтті.Жарыс жолынан Түркия Республикасының шабандоздары шығып қалды. Ал Қырғыз командасы мәре сызығын бірінші болып қиды. 

СӘКЕН СЕЙТХАНҰЛЫ, ҰЙЫМДАСТЫРУ АЛҚАСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Енді бүгін керемет тартыс болды.Екінші күн,сол себептен де командалар барынша жылдамдық қосуға тырысты.Олар енді екі жүз елу ,үш жүзден кейін әрмен қарай жүйріктеріне тақым тастай бастайды.Жылдамдық қоса бастайды.Көріп тұрсыздар Қырғызтанның қарқыны мықты.Ізін алып келе жатқан азулы командалар бар.Сол себептен де тартыс күшті болатын секілді.