Қазақстандық тауарлар үшін жаңа
нарыққа жол ашылды. Биылдан бастап Еуразиялық экономикалық одақ пен Иран
арасында келісімшартқа қол қойылмақ. Бұл туралы Орталық коммуникациялар
қызметінде Ұлттық экономика министрі Тимур Сүлейменов мәлімдеді. Құжат үш жылға
жоспарланған.
Министр сондай-ақ нәтижелі жұмыс пен жаппай кәсіпкерлікті дамыту
бағдарламасына тоқталды. Оның аясында кез келген істі бастауға несие беріліп,
кепілдіктің 50-85 пайызын мемлекет өз мойнына алмақ. Биыл қалаларда жаппай
кәсіпкерлікті дамытуға 10 млрд, ауыл мен шағын шаһарларға 27 млрд теңге бөлу
көзделіп отыр.
Елдос САПАРҒАЛИ