Русский Сайттың толық нұсқасы

Павлодар облысында бүтін бір ауыл екі айдан бері сусыз отыр

Павлодар облысында бүтін бір ауыл екі айдан бері сусыз отыр. Бұған су тазарту стансасының істен шығуы себеп болған. Ал ауыл әкімі насосты істеу біздің құзыретімізге жатпайды - дейді. Екі ортада тұрғындар қиналып отыр. Ауылдағы ағайынның базынасын тілшіміз Өзгеріс Қуанар тыңдады. 

Ақсу ауылдық аймағына қарасты Спутник ауылында бар- жоғы 300-дей тұрғын бар. Тіршілік нәрін ауылдағы су тазарту стансасынан алады. Алайда, оның өзі 2 айдан бері жұмысын тоқтатқан. Халық суды қаладан тасып ішуге мәжбүр.

Лариса БРУС, СПУТНИК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Ішетін суды дүкеннен сатып алам. Оның құны шамамен 300 теңге. Күнде су алуға ақша жоқ. Анамның үйінен барып әкелем. Ол тұщы суды тазартатын қондырғы қойған. Ай сайын 20 мың теңге төлейді. Ал ауылға тартылған су шаруашылыққа арналған. Тіпті, онымен кірде жуа алмайсың. Киімдер ағарып қалады. Су өте тұзды.

Ауыл халқы жаз бойы суды алыстан тасып ішіп келген. Енді қыс түссе тасып ішу де қиын болатынын айтады.

Константин РИДНЯК, СПУТНИК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:

Кімнің көлігі бар, олар суды қаладан тасиды. Кімнің көлігі жоқ, олар тұщы суды ішуге мәжбүр. Ол су денсаулыққа зиян. Тіпті, қолымызда бұл суды ішуге де болмайды деген мамандардың арнайы сараптамасы да бар. Бұны айтқанымызбен ешкім тыңдамайды.

Ал ауыл әкімі су тазарту стансасы менің құзыретіме кірмейді - деп отыр.

Айгүл БЕКБЕРГЕНОВА, ДОСТЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ:

Су "Теміржол су Павлодардың" балансынан Ақсу қаласының коммуналдық балансына аударуға шешім қабылданды. Жаңғыртуға ақша бөлініп тұр. Соны мемлекеттік сатып алу жариялап, жөндеп Алла жазса, осы жыл деп отырмыз.

Ауылда өткен ғасырда тартылған су құбыры бар. Бірақ, бұл тіршілік нәрі ішуге жарамайды. Тек шаруашылық мақсатта ғана қолдануға болады. Суға жауапты мекеме стансаны жөндеп, халыққа су беретін болды.