Русский Сайттың толық нұсқасы

"Заңнамада кейбір ескірген нормалар алынып тасталды", - С. Имашева

Орталық сайлау комиссиясы жанындағы сарапшылық кеңестің отырысы өтті. Комиссия төрағасы Нұрлан Әбдіров республикалық референдум туралы заңнама дер кезінде сапалы жаңартылғанын айтты. Бұл ретте соңғы өткен референдумды ұйымдастыру тәжірибесі және сарапшылар мен байқаушылардың ұсыныстары назарға алынған. Мәжіліс депутаты Снежанна Имашева қазіргі құжатта белгілі бір тәртіп бар екенін айтты. 

СНЕЖАННА ИМАШЕВА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, «AMANAT» ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:

Учаскеде байқаушылардың кейбір ҮЕҰ тәртібі бойынша олардың құқықтары мен міндеттері нақтыланды және кейбір ескірген нормалар алынып тасталды. Қазақ, орыс тілінде және жинақы тұратын көпшіліктің тілінде басылады деген норма болды. Осы жылдың ішінде ондай норманың қажеті болған жоқ. Тек ғана екі тілде бюллетеньдер басылды. Сондықтан бұл норма ескі болғасын алынып тасталды.